
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Астана қ.: 22 желтоқсанда кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі.
Шымкент қ.: 22 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
22 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.
22-24 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 22 желтоқсанда облыстың таулы аудандарында, 23-24 желтоқсанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
22 желтоқсанда түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
22 желтоқсанда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 25 градус қатты аяз күтіледі.
22 желтоқсанда Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың таулы аудандарында 25-26 градус қатты аяз күтіледі.
22 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
22 желтоқсанда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
22 желтоқсанда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
22 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.
22 желтоқсанда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
22 желтоқсанда Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.
22 желтоқсанда күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күңдіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
22 желтоқсанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.
22 желтоқсанда Абай облысының оңтүстік-батысында, шығысында тұман күтіледі.