МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

 Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылдың 21 желтоқсанында күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

 21 желтоқсанда түнде Ақмола облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

21 желтоқсанда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда қарлы қатқақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

Алматы қ.: 21 желтоқсанда кей уақыттарда тұман, жолдарда қарлы қатқақ күтіледі

Қонаев қ.: 21 желтоқсанда кей уақыттарда тұман, жолдарда қарлы қатқақ күтіледі

21 желтоқсанда Жетісу облысының таулы аудандарда тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

21 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

Шымкент қ.: 21 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан қ.: 21 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

21 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с,  түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 21 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады,  түнде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

 21 желтоқсанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Орал қ.: 21 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.                                                                                                           

21 желтоқсанда  Маңғыстау облысының  солтүстігінде, шығысында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

21 желтоқсанда түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында тұман күтіледі.

21 желтоқсанда Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15 м/с күтіледі.

21 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облысының оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 21 желтоқсанда түнде жаяу бұрқасын күтіледі.

 21 желтоқсанда Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

21 желтоқсанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-18 м/с.

21 желтоқсанда Абай облысының батысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі.                      Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

21 желтоқсанда түнде Ұлытау облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

21 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында жолдарда көктайғақ күтіледі.

Қызылорда қ.: 21 желтоқсанда жолдарда көктайғақ күтіледі.

Дата публикации
20 декабря 2024
Дата обновления
20 декабря 2024
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы