
«Қазгидромет» РМК
Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылдың 20 желтоқсанында күтілетін ауа райының апатты және қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескертулер
19-20 желтоқсанда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
20 желтоқсанда Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 20 желтоқсанда кей уақыттарда жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
20 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда көктайғақ, облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаяу бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с.
Шымкент қ.: 20 желтоқсанда түнде және таңертең қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Түркістан қ.: 20 желтоқсанда кей уақыттарда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
20 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында қар, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Петропавл қ.: 20 желтоқсанда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
20 желтоқсанда таңертең және күндіз Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар, жаяу бүрқасын күтіледі.Областың басым бөлігінде көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, областың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Алматы қ.: 20 желтоқсанда күндіз көктайғақ күтіледі.
Қонаев қ.: 20 желтоқсанда жел оңтүстік-шығыс бағыттан оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
20 желтоқсанда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарда қатты қар күтіледі. Түнде облыстың батыс бөлігінде, күндіз таулы аудандарда жаяу бұрқасын. Күндіз көктайғақ күтіледі.
Талдықорған қ.: 20 желтоқсанда күндіз көктайғақ күтіледі.
20 желтоқсанда Ұлытау облысының шығысында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Жезқазған қ.: 20 желтоқсанда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
20 желтоқсанда күндіз Қарағанды облысының батысында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
Қарағанды қ.: 20 желтоқсанда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
20 желтоқсанда Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда қ.: 20 желтоқсанда түнде және таңертең көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
20 желтоқсанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.
Ақтау қ.: 20 желтоқсанда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі.
20 желтоқсанда түнде Атырау облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Атырау қ.: 20 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с.
20 желтоқсанда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
20 желтоқсанда түнде Қостанай облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында бұрқасың күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
20 желтоқсанда Ақмола облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Астана қ.: 20 желтоқсанда кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Көкшетау қ.: 20 желтоқсанда кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
20 желтоқсанда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
20 желтоқсанда таңертең және күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, облыстың орталығында екпіні 23 м/с.
20 желтоқсанда күннің екінші жартысында Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.
20 желтоқсан түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Орал қ.: 20 желтоқсан түнде және таңертең тұман күтіледі.