
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы қозғалысты шектеу жөніндегі анықтама
2024 жылғы 15 желтоқсандағы сағат 12:00 жағдай бойынша
жағдайларының нашарлауына байланысты көлік қозғалысына шектеулер
3 облыста 3 автожол.
Жетісу облысы - жалпы ұзындығы 80 км 1 автожол.
«Үшарал-Достық» км. 84-164, Көктұма, Достық ст. телімі
(автокөліктің барлық түрлері үшін)
Түркістан облысы - жалпы ұзындығы 1 автожол 27
«Алматы-Ташкент-Термез» км. км. 593-620, есеп.
Жамбыл облысы- Т.Рысқұлов ауылы
(автокөліктің жүк түрі үшін)
Жамбыл облысы - жалпы ұзындығы 59 км 1 автожол. «Алматы-Ташкент-Термез» км. 534-593, Айша бибі ауылы, Түркістан облысы.
«Қазгидромет» РМК
Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылдың 16 желтоқсанында күтілетін ауа райының апатты, қауіпті метеорологиялық құбылыстары және ауа райының күрт өзгеруі туралы дауылды ескертулер
16 желтоқсанда Жамбыл облысында ауа температурасының түнде 15-20, солтүстігінде, таулы аудандарында 25, күндіз 7-12, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
Тараз қ.: 16 желтоқсанда түнде ауа температурасының 15-17, күндіз 7-9 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
15 желтоқсанда Түркістан облысында жауын-шашын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, тау бөктерлі мен таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігі, батысында, таулы және тау бөктерлі аймақтарында 15-20 м/с, тау асуларында екпіні 25 м/с дейін жетеді. 16 желтоқсанда ауа температурасының түнде 12-17, облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында 20 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
Шымкент қ.: 15 желтоқсанда жауын-шашын, таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. 16 желтоқсанда ауа температурасының түнде 15-17 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
Түркістан қ.: 15 желтоқсанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 16 желтоқсанда ауа температурасының түнде 15-17 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
15 желтоқсанда Алматы облысында күндіз жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 16 желтоқсанда түнде қар, облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында кей уақыттарда қатты қар жауады. Жел батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15 желтоқсан, тәулік бойы 16 желтоқсанда облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі. 16 желтоқсанда ауа температурасының түнде 12-17 градус аязға, облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында 25-27 градус қатты аязға дейін, күндіз 7-12, облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында 15-20 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
Алматы қаласы: 16 желтоқсанда қар жауады, түнде кей уақыттарда қатты қар жауады, тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
16 желтоқсанда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында батыстан жел соғады, екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
16 желтоқсанда түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 16 желтоқсанда түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі.
16 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Бұрқасын. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, түнде екпіні 25 м/с.
Өскемен қ.: 16 желтоқсанда түнде және таңертең бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.
16 желтоқсанда Абай облысында түнде бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде 15-20, облыстың оңтүстік-батысында, орталығында екпіні 25 м/с, күндіз облыстың шығысында, орталығында 15-20 м/с.
Семей қ.: 16 желтоқсанда түнде бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.
16 желтоқсанда түнде Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман. Батыстан жел соғады, облыстың орталығында, шығысында 15-20, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 23-28 м/с.
Талдықорған қ.: 16 желтоқсанда түнде қатты қар күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
16 желтоқсанда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.
Конаев қ.:16 желтоқсанда жел батыс бағыттан оңтүстік-шығыс бағытқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 18-23 м/с.
16 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с.
16 желтоқсанда Қызылорда облысының орталығында тұман, түнде облыстың орталығында, шығысында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында күші 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда қ.: 16 желтоқсанда түнде тұман күтіледі.
16 желтоқсанда Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, шығысында, солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 25 м/с күтіледі.
Астана қ.: 16 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Көкшетау қ.: 16 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.
16 желтоқсанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с.
Петропавл қ.: 16 желтоқсанда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с.
16 желтоқсанда түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар қ.: 16 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
16 желтоқсанда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды қ.: 16 желтоқсанда түнде жаяу бұрқасын күтіледі.
16 желтоқсанда күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
16 желтоқсан түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың басым бөлігінде тұман, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күші 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с.
Орал қ.: 16 желтоқсан түнде жаяу бұрқасын, күндіз тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с.
16 желтоқсанда күндіз Атырау облысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Атырау қ.: 16 желтоқсанда күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-18 м/с.
16 желтоқсанда түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, түнде облыстың батысында екпіні 25 м/с күтіледі.
Ақтау қ.: 16 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.
16 желтоқсанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе қ.: 16 желтоқсанда түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
16 желтоқсанда түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.
Қостанай қ.: 16 желтоқсанда күндіз жаяу бұрқасың күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.