МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Қазақстан Республикасы «Қазгидромет» РМК бойынша дауылды ескертулер

2024 жылдың 12-15 желтоқсан аралығында Кіші Алматы өзені – МП Медеу және Кіші Алматы өзені – Алматы қ. гидрологиялық бекеттерінде қиын мұздық құбылыстарға байланысты су деңгейінің күрт көтерілуі байқалуда. 

16 желтоқсанда Жамбыл облысында ауа температурасының түнде 15-20, солтүстігінде, таулы аудандарында 25, күндіз 7-12, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
Тараз қ.: 16 желтоқсанда түнде ауа температурасының 15-17, күндіз 7-9 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

15 желтоқсанда Түркістан облысында жауын-шашын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, тау бөктерлі мен таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігі, батысында, таулы және тау бөктерлі аймақтарында 15-20 м/с, тау асуларында екпіні 25 м/с дейін жетеді. 16 желтоқсанда ауа температурасының түнде 12-17, облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында 20 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Шымкент қ.: 15 желтоқсанда жауын-шашын, таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. 16 желтоқсанда ауа температурасының түнде 15-17 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Түркістан қ.: 15 желтоқсанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.16 желтоқсанда ауа температурасының түнде 15-17 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

15 желтоқсанда Алматы облысында күндіз жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 16 желтоқсанда түнде қар, облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында кей уақыттарда қатты қар жауады. Жел батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15 желтоқсан, тәулік бойы 16 желтоқсанда облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі. 16 желтоқсанда ауа температурасының түнде 12-17 градус аязға, облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында 25-27 градус қатты аязға дейін, күндіз 7-12, облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында  15-20 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
Алматы қаласы: 16 желтоқсанда қар жауады, түнде кей уақыттарда қатты қар жауады, тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. 

15 желтоқсанда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

15 желтоқсанда Жетісу облысының солтүстік бөлігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында 15-20, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 23-28 м/с.
Алматы қ.: 15 желтоқсанда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
Қонаев қ.: 15 желтоқсанда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18-23 м/с. 

15 желтоқсанда күндіз Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз облыстың басым бөлігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

 Тараз қ.: 15 желтоқсанда күндіз қатты жауын-шашын (көбінесе қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

15 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда қ.: 15 желтоқсанда кей уақытта жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

15 желтоқсанда түнде Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с. Петропавл қ.: 15 желтоқсанда түнде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. 

15 желтоқсанда түнде Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі.
Астана қ.: 15 желтоқсанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кей уақыттарда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні   15-20 м/с.
Көкшетау қ.: 15 желтоқсанда түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

15 желтоқсанда Павлодар облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Павлодар қ.: 15 желтоқсанда жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.                                                                                                      
15 желтоқсанда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с  күтіледі.  

15 желтоқсанда Қарағанды облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, бұрқасын. Түнде және таңерең облыстың оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
Қарағанды қ.: 15 желтоқсанда жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

15 желтоқсанда түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, облыстың орталығында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.  Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, бұрқасын. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
Жезқазған қ.: 15 желтоқсанда түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 

15 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. 

15 желтоқсанда Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 23-28 м/с.
Семей қ.: 15 желтоқсанда күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан  соғады, екпіні 15-20 м/с.      15 желтоқсанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі. 

Ақтау қ.: 15
желтоқсанда түнде және таңертең жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі.

15 желтоқсанда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Атырау қ.: 15 желтоқсанда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с.                     

15 желтоқсанда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с.
Ақтөбе қ.: 15 желтоқсанда түнде жаяу бұрқасын күтіледі. 

15 желтоқсанда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, күндіз солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Орал қ.: 15 желтоқсанда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Дата публикации
14 декабря 2024
Дата обновления
14 декабря 2024
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы