
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Астана қ.: 13 желтоқсанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
13 желтоқсанда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен соққан жел батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.
13-14 желтоқсанда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
13-14 желтоқсанда түнде және таңертең Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі.
13 желтоқсанда Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында орталығында, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.
13 желтоқсанда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз облыстың тау асуларында 25 м/с.
13 желтоқсанда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.
13 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде түнде жаяу бұрқасын, күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.
13 желтоқсанда түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23 м/с.
13 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
13 желтоқсанда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.
13 желтоқсанда Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 25 м/с.
13 желтоқсанда күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
13 желтоқсанда күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңерең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
13 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
13 желтоқсанда Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/ күтіледі.
13 желтоқсанда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, түнде 15-20 м/с күтіледі.
13 желтоқсанда Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.
13 желтоқсанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман, облыстың солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі.