МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

 «Қазгидромет» РМК

Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылдың 12-13 желтоқсанында күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескертулер

 10-12 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 10 желтоқсанда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 10-12 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

12 желтоқсанда түнде Ақтөбе облысының батысында, күндіз солтүстігінде батысында көктайғақ, 13 желтоқсанда түнде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен соққан жел батысқа ауысады, 13 желтоқсанда түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.

Ақтөбе қ.: 12 желтоқсанда күндіз көктайғақ, 13 желтоқсанда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен соққан жел батысқа ауысады, 13 желтоқсанда екпіні 15-20 м/с.  

12 желтоқсанда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Астана қ.: 12 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 23 м/с.

Көкшетау қ.: 12 желтоқсанда кей уақытарда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, кей уақыттарда екпіні 25 м/с.

12 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с.

Петропавл қ.: 12 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

12 желтоқсанда Қостанай облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай қ.: 12 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.   

12 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды қ.: 12 желтоқсанда оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

12 желтоқсанда Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

12 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

12 желтоқсанда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Орал қ.: 12 желтоқсанда тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

12 желтоқсанда Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

12 желтоқсанда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

12 желтоқсанда Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі.

Атырау қ.: 12 желтоқсанда түнде және таңертең  тұман, көктайғақ күтіледі.

12 желтоқсанда Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 17-22 м/с.

12 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.

Түркістан қ.: 12 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

Дата публикации
11 декабря 2024
Дата обновления
11 декабря 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы