
Қазақстан Республикасы «Қазгидромет» РМК дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
05 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 06 желтоқсанда облыс бойынша қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 05 желтоқсанда күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні15-20 м/с күтіледі. 06 желтоқсанда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Шымкент қ.:05-06 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. 05-06 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Түркістан қ.: 05-06 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
06 желтоқсан түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қ.: 06 желтоқсан түнде тұман, көктайғақ күтіледі.
06 желтоқсанда Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
06 желтоқсанда Ақтөбе облысының түнде солтүстігінде, шығысында, күндіз шығысында көктайғақ күтіледі. Ақтөбе қ.: 06 желтоқсанда түнде көктайғақ күтіледі.
2024 ж. 05 желтоқсан 20 сағ. 06 желтоқсан 20 сағ. аралығы 06 желтоқсанда Қостанай облысының батысында, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында туман күтіледі.
06 желтоқсанда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
06 желтоқсанда күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман. Жезқазған қ.: 06 желтоқсанда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
06 желтоқсанда күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Қарағанды қ.: 06 желтоқсанда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі.
06 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Өскемен қ.: 06 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
06 желтоқсанда Қызылорда облысының орталығында, шығысында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, орталығында тұман сақталады. Қызылорда қ.: 06 желтоқсанда кей уақытта көктайғақ, тұман сақталады.
06 желтоқсанда таңертең және күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 06 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
06 желтоқсанда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі.
06 желтоқсанда түнде және таңертең Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Талдықорған қ.: 06 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі