
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби стандартты бекіту туралы бұйрықтарының жобалары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрілігімен әзірленді.
Осы бұйрық жобалары өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметтері саласындағы кәсіби стандарттар мен мәлімделген біліктіліктерді бекіту қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру арқылы бәсекеге қабілетті қазақстандық компаниялардың дамуына ынталандырушы ықпал ету мақсатында көзделген..
Қоғаммен бұйрық жобалары талқылау үшін 2024 жылғы «4 » желтоқсанда Ашық НҚА сайтында жарияланды:
1. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы «Дәнекерлеу және/немесе соған байланысты процестерді (дәнекерлеу, балқыту, термиялық кесу) жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету» кәсіби стандартты бекіту туралы» https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15327698;
2. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру» кәсіби стандартты бекіту туралы» https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15327677;
3. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы «Магистральдық құбырларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы» кәсіби стандартты бекіту туралы» https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15327651;
4. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы «Қауіпті техникалық құрылғыларды: аспалы жолдар мен фуникулерларды техникалық куәландыру» кәсіби стандартты бекіту туралы» https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15327798;
5. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы «Қауіпті техникалық құрылғыларды: лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, қозғалмалы топтарға арналған көтергіштерді техникалық куәландыру» кәсіби стандартты бекіту туралы» https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15327618;
6. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы «Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы, мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларындағы объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы» кәсіби стандартты бекіту туралы» https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15327342;
7. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы «Газ тарату желілерін, газ тұтыну жүйелерін және газ толтыру станцияларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы» кәсіби стандартты бекіту туралы» https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15327538;
8. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы «Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы» кәсіби стандартты бекіту туралы» https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=1532758;
9. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы «Көмір шахталары объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы» кәсіби стандартты бекіту туралы» https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15327759;
10. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы «Жарылыс жұмыстарын жүргізетін объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы» кәсіби стандартты бекіту туралы» https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15327459;
11. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы» кәсіби стандартты бекіту туралы»; https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15327601;
12. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы» кәсіби стандартты бекіту туралы»; https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15327741;
13. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы «Қауіпті өндірістік объектілерге қызмет көрсету жөніндегі авариялық-құтқару қызметі» кәсіби стандартты бекіту туралы» https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15327418 және 2024 жылғы «4» желтоқсанда ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында орналастырылды.
Жобаларды қабылдау теріс әлеуметтік және/немесе экономикалық салдарға әкелмейді.