
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Шымкент қ.: 05-06 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
05 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
05 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 06 желтоқсанда облыс бойынша қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
05 желтоқсанда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі.
05 желтоқсан Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
05 желтоқсанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
05 желтоқсанда күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман.
05 желтоқсанда Қызылорда облысының орталығында, шығысында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
05-06 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі.
05 желтоқсанда түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с.
05 желтоқсанда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі.
05 желтоқсанда Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
05 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
05 желтоқсанда түнде және таңертең Қарағанды облысының шығысында, орталығында тұман күтіледі.
05 желтоқсанда түнде және таңертең Ұлытау облысының шығысында, орталығында тұман күтіледі.
05 желтоқсанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында тұман күтіледі.