
«Қазгидромет» РМК дауылды ескертулер
27-29 қарашада Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
28-29 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 29 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 28-29 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі.
Шымкент қ.:29 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
29 қарашада күннің соңында Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың таулы аудандарында найзағай. Түнде облыстың солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүтігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Түркістан қ.: 29 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
29 қарашада түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі.
Қызылорда қ.: 29 қарашада түнде көктайғақ күтіледі.
29 қарашада Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.
29 қарашада түнде Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
29 қараша түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.
Орал қ.: 29 қараша түнде және таңертең тұман күтіледі.
Астана қ.: 29 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
29 қарашада Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Көкшетау қ.: 29 қарашада тұман күтіледі.
29 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Петропавл қ.: 29 қарашада тұман күтіледі.
29 қарашада түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында тұман күтіледі.
29 қарашада түнде және таңертең Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Жезқазған қ.: 29 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
29 қарашада Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
29 қарашада түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Өскемен қ.: 29 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.