
«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылдың 28-29 қарашада күтілетін ауа райының апатты және қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескертулер
Гидрология департаменті:
Шығыс Қазақстан облысында Лесная Пристань ауылы - Бұқтырма өзені гидрологиялық бекетінде бекеттен төмен сең кептелісінің салдарынан су деңгейінің көтерілуі жалғасуда. Су деңгейі 27.11.2024 ж. сағат 08.00-ге 423 см-ді құрады. Су деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін.
Шекті (критикалық) су деңгейі 530 см.
Ескертпе: су деңгейі шекті деңгейден асқан кезде өзен ағысының төмен бөлігінде сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстары мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
27-29 қарашада Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
28-29 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 29 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 28-29 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі.
28 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.
28 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Қызылорда қ.: 28 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі.
28 қарашада түнде Маңғыстау облысының батысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
28 қарашада Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі.
Атырау қ.: 28 қарашада кей уақыттарда көктайғақ күтіледі.
28 қарашада түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.
28 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
28 қарашада түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
28 қарашада Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
28 қарашада Ұлытау облысының басым бөлігінде кей уақыттарда тұман күтіледі.
Жезқазған қ.: 28 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі.
28 қарашада түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-18 м/с.
Өскемен қ.: 28 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
28 қарашада Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде 15-18 м/с.