
Нысанды киім-кешекті оңтайландыру және нормативтік құқықтық актінің өзін «Құқықтық актілер туралы» Заңның 23-бабының 9-тармағына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 31 мамырдағы № 196 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлердің, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысанды киімдері мен арнайы киім-кешектерінің тиістілік нормаларын бекіту туралы», 2021 жылғы 6 қыркүйектегі № 429 «Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін жарақтандыру нормаларын бекіту туралы және кинологиялық қызметтерді қамтамасыз ету» бұйрықтарына өзгерістер енгізіледі.