МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескерту

Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылдың 24 қарашада күтілетін ауа райының апатты және қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескертулер

 

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша дауылды ескертулер сақталады:

 

 

24 қарашада Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында                     солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

 

22-24 қарашада Жамбыл облысының таулы аудандарында көктайғақ күтіледі.                           22-24 қарашада облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 22-24 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 22-24 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі. 22 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

  

24 қарашада Түркістан облысында шығыстан жел соғады, солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с, тау асуларында 30 м/с және одан аса күтіледі.

  

24-25 қарашада Павлодар облысының батысында, шығысында, орталығында тұман күтіледі. 

Павлодар қ: 24-25 қарашада тұман күтіледі.

 

 

24-26 қарашада Жетісу облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан  жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

 

 

24 қарашада түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.  Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 18-23 м/с, кей уақыттарда 28 м/с.

Қонаев қ.: 24 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18-23 м/с. 

  

24 қарашада түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Астана қ.: 24 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. 

 

 

24 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

 24 қараша Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

 

24 қарашада түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

 

 

24 қарашада түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел  солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с.

 

 

24 қарашада Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде 15-18 м/с күтіледі.

 

 

24 қарашада түнде және таңертең Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

 

24 қарашада Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні15-20 м/с күтіледі.

 

 № 22 ҚҚ дауылды ескерту

2024 жылғы 23 қарашадан

2024 ж. 23 қараша 20 сағ. 24 қараша 20 сағ. аралығы

 

24 қарашада Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Атырау қ: 24 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

24 қарашада Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Қызылорда қ.: 24 қарашада жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

 

24 қарашада түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды қ.: 24 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

 

24 қарашада Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Жезқазған қ.: 24 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

                                                                                                                          

24 қарашада Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.

Ақтау қ.: 24 қарашада кей уақыттарда шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.

 

Дата публикации
24 ноября 2024
Дата обновления
24 ноября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы