
«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес 2024 жылдың 23-24 қарашада күтілетін дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
24 қарашада Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
22-24 қарашада Жамбыл облысының таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 22-24 қарашада облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 22-24 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 22-24 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі. 22 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Дауылды ескертулер күтіледі:
24 қарашада Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы аудандарында шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, тау бөктерлі аудандарында 30 м/с және одан аса күтіледі.
23 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.
Шымкент қ.: 23 қарашада шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.
Түркістан қ.: 23 қарашада шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.
23 қарашада түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Алматы қ.: 23 қарашада түнде тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Қонаев қ.: 23 қарашада түнде жолдарда көктайғақ күтіледі.
23 қарашада Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20 м/с.
23 қарашада Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда қ.: 23 қарашада жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
23 қарашада Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
23 қарашада Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Атырау қ: 23 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
23 қараша түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Орал қ.: 23 қараша түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
23 қарашада түнде және таңертең Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
23 қарашада Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
23 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Петропавл қ.: 23 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
23 қарашада Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Астана қ.: 23 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі.
23 қарашада Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Павлодар қ.: 23 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
23 қарашада түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында солтүстігінде тұман күтіледі.
23 қарашада түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
23 қарашада түнде Абай облысының солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.