
«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес 2024 жылдың 15-17 қарашада күтілетін дауылды ескертулер
Дауылды ескерту сақталады:
Гидрология департаменті:
2024 жылдың 13-15 қараша аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қатты жауын-шашын түсуіне байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін.
Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Гидрометорталық:
15 қараша түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Орал қ.: 15 қараша көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
15 қарашада күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасың күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
15 қарашада түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Петропавл қ.: 15 қарашада түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
15 қарашада Ақмола облысында түнде батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. .
Көкшетау қ.: 15 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-18 м/с күтіледі.
15 қарашада түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
15 қарашада Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Өскемен қ.: 15 қарашада жаяу бұрқасын күтіледі.
15 қарашада Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында солтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 23 м/с.
Семей қ.: 15 қарашада түнде және таңертең жаяу бұрқасын күтіледі.
15-17 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 15 қарашада күндіз, 16 қарашада түнде, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 17 қарашада облыстың таулы аудандарында 15-20 күтіледі.
Тараз қ.: 15-17 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі.
15 қарашада түнде Алматы облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.
Алматы қ.: 15 қарашада түнде тұман күтіледі.
15 қарашада Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі.
Шымкент қ.: 15 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түркістан қ.: 15 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
15 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
15 қарашада Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
15 қарашада Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.