
«Қазгидромет» РМК
Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылдың 14 қарашада күтілетін ауа райының апаттық және қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескертулер
14 қарашада Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 30 м/с және одан аса.
14 қарашада түнде Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар. Облыстың шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
14 қарашада түнде Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, түнде облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Алматы қ.: 14 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Жолдарда мұзтайғақ.
Қонаев қ.: 14 қарашада солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
14 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 14 қарашада кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.
14 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.
Шымкент қ.: 14 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түркістан қ.: 14 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
14 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың оңтүстігінде 23 м/с.
Петропавл қ.: 14 қарашада бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
14 қарашада Ақмола облысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Астана қ.: 14 қарашада жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Көкшетау қ.: 14 қарашада жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
14 қарашада Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
14 қарашада Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасың, көктайғақ. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
14 қарашада Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Атырау қ: 14 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
14 қарашада түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі.
14 қарашада күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі.
14 қарашада күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
14 қарашада күндіз Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
14 қарашада Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды қ.: 14 қарашада жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
14 қарашада күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Жезқазған қ.: 14 қарашада күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.