
«Қазгидромет» РМК дауылды ескертулер
Алматы қ.: 13 қарашадакешке қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі.
13 қарашада күндіз Алматы облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Қонаев қ.: 13 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
13 қарашада Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Талдықорған қ.: 13 қарашада күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар).
13 қарашада күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 13 қарашада кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.
Шымкент қ.: 13 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі.
13 қарашада күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында 15-20 м/с. Түркістан қ.: 13 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
13 қарашада Қызылорда облысының орталығында, шығысында тұман, түнде жолдарда көктайғақ күтіледі.
Қызылорда қ.: 13 қарашада кей уақыттарда тұман, түнде жолдарда көктайғақ күтіледі.
2024 ж. 12 қараша 20 сағ. 2024 ж. 13 қараша 20 сағ. аралығы. 13 қарашада түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Қостанай қ.: 13 қарашада бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с
13 қарашада Ақмола облысының түнде солтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 13 қарашада күндіз жаяу бұрқасын күтіледі.
13 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында түнде бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 13 қарашада бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
13 қарашада күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
13 қарашада күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
13 қарашада күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
13 қарашада түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
13 қарашада түнде және таңертең Абай облысының орталығында тұман күтіледі.
13 қараша түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қ.: 13 қараша түнде және таңертең тұман күтіледі.
13 қарашада түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
13 қарашада Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.