
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
12 қарашада түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде қатты қар күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с.
12 қарашада түнде Абай облысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.
12 қарашада түнде Қарағанды облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, орталығында тұман.
12 қарашада түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
12 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
12 қарашада түнде және таңертең Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
12 қарашада түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
12 қараша түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
12 қарашада түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
12 қарашада түнде және таңертең Қызылорда облысының орталығында, шығысында тұман күтіледі.
12 қарашада Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында екпіні 15-20 м/с.
12 қарашада Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
12 қарашада Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
12 қарашада Алматы облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан солтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде екпіні 17-22 м/с.