
«Қазгидромет» РМК
Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылдың 06-07 қарашада күтілетін ауа райының апатты және қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар туралы дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
2024 жылдың 4-6 қараша аралығында Түркістан облысының таулы және тау етегіндегі аудандарда қатты жауын-шашын болжамына байланысты беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ескертпе: су деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
05 қарашада күндіз Манғыстау облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, орталығында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
Ақтау қ.: 05 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
06 қарашада түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, бұрқасын. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың батысы мен оңтүстігінде кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
06 қарашада күндіз Қостанай облысының солтүстігінде қалыңқатты қар жауады деп күтілуде. 06 қараша тәулік бойы, 07 қараша түнде облыстың басым бөлігінде, 07 қарашада күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, 06 қарашада түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 06, түнде 07 қарашада 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
06 қарашада күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде облыстың батысында және оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. 07 қарашада түнде облыстың солтүстігінде қатты қар жауады, басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, 06 қарашада түнде облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, 06 қарашада күндіз, 07 қарашада тәулік бойы 15-20, облыстың оңтүстігі мен шығысында екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
06 қарашада түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. 07 қараша көктайғақ, бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, 06 қарашада түнде батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. 07 қарашада 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
06 қарашада түнде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. 07 қарашада көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз 06, тәулік бойы 07 қарашада 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
Павлодар қ: күндіз 06, тәулік бойы 07 қарашада көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз 06, тәулік бойы 07 қарашада 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
06 қарашада Қарағанды облысының басым бөлігінде, 07 қарашада облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 06, тәулік бойы 07 қарашада 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
06 қарашада Ұлытау облысының басым бөлігінде, 07 қарашада түнде басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, 06 қарашада түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 30 м/с және одан аса күтіледі, 07 қарашада 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 30 м/с және одан аса күтіледі.
06 қарашада күндіз Абай облысының оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. 06 қарашада түнде облыстың батысында, орталығында, 07 қарашада облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, 07 қарашада бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз 06 қарашада 15-20 м/с, 07 қарашада 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с, күндіз кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
05 қарашада Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман сақталады. 06 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 05 қарашада кей уақытта тұман сақталады. 06 қарашада кей уақытта тұман, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
06 қарашада таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с.
Шымкент қ.: 06 қарашада тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түркістан қ.: 06 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
06 қарашада күндіз Алматы облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Алматы қ.: 06 қарашада күндіз кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі.
06 қарашада күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
06 қарашада күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Өскемен қ.: 06 қарашада оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
06 қарашада күндіз Абай облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, орталығында екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Семей қ.: 06 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе қ.: 06 қарашада түнде қатты қар күтіледі. Көктайғақ, күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Қостанай қ.: 06 қарашада күндіз кей уақытта қатты қар, таңертең және күндіз көктайғақ, бұрқасың күтіледі. Шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Астана қ.: 06 қарашада таңертең және күндіз көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Көкшетау қ.: 06 қарашада таңертең және күндіз көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Петропавл қ.: 06 қарашада күндіз көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
06 қарашада түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.
Қарағанды қ.: 06 қарашада күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.
Жезқазған қ.: 06 қарашада көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.
06 қараша түнде Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20, облыстың батысында, орталығында кей уақыттарда 23 м/с.
Орал қ.: 06 қараша түнде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
06 қарашада түнде Атырау облысында бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с .
Атырау қ: 06 қарашада түнде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с.
06 қарашада түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
Ақтау қ.: 06 қарашада солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
06 қарашада Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, орталығында 23-28 м/с күтіледі.
Қызылорда қ.: 06 қарашада жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
07 қарашада Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. Ауа температурасының 8-13, облыстың оңтүстігінде 16 градус жылыдан 3 градус аяз-2 градус жылы, облыстың батысында 6 градус аязға дейін күрт төмендуі күтіледі.
07 қарашада Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. Ауа температурасының 8-13, облыстың шығысында 3 градус жылыдан 3 градус аяз-2 градус жылы, облыстың оңтүстігінде 5 градус жылыға дейін күрт төмендуі күтіледі, 08 қарашада 0-5, облыстың шығысында 8 градус аязға дейін одан әрі төмендеуі күтіледі.
07 қарашада Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с, 08 қарашада күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні 25 м/с. Ауа температурасының түнде 5-10, облыстың оңтүстігінде, батысында, тау бөктерлі аудандарында 13 градус жылыдан 1 градус аяз-4 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 4 градус аязға дейін күрт төмендуі күтіледі,08 қарашада 0-5, облыстың таулы аудандарында 8 градус аязға дейін одан әрі төмендеуі күтіледі.