
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Астана қ.: 04 қарашада түнде және таңертең оңтүстік-батыстан, солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады екпіні 15-20 м/с. Күндіз жолдарда көктайғақ күтіледі.
Шымкент қ.: 04 қарашада оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
04 қараша күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, түнде 1-6 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.
04 қарашада Атырау облысында ауа температурасының түнде 0-5 градус аязға дейін, күндіз 2-7 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
04 қарашада түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында қар, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасының түнде 1-6 градус аязға дейін, күндіз 2 градус аяз - 3 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 04 қарашада түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
04 қарашада түнде Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Ауа температурасының түнде 2-7 градус аязға дейін, күндіз 3 градус аяз - 2 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 04 қарашада Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
04 қарашада Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 04 қарашада ауа температурасының күндіз 2 градус аяз - 3 градус жылы, облыстың шығысында 8 градус жылыға дейін күрт төмендейді, 05 қарашада түнде 3-8 градус аязға дейін одан әрі төмендеуі күтіледі.
04 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Ауа температурасының түнде 0-5 градус аязға дейін, күндіз 2 градус аяз - 3 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 04 қарашада күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
04 қарашада күннің соңында Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, облыстың тау асуларында екпіні 23 м/с. 2024 жылдың 4-6 қараша аралығында Түркістан облысының таулы және тау етегіндегі аудандарда қатты жауын-шашын болжамына байланысты беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін. Ескертпе: су деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Күндіз 04-түнде 05 қарашада Қызылорда облысында ауа температурасының 9-14, облыстың батысында 6, облыстың оңтүстігінде 18 градус жылыдан 3 градус аяз-2 градус жылыға дейін күрт төмендейді. 04 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.
Күндіз 04 қарашада Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде 05 қарашада облыстың оңтүстігінде, шығысында қар, көктайғақ, тұман күтіледі. 04 қарашада оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Күндіз 04-түнде 05 қарашада ауа температурасының 10-15, облыстың батысында, солтүстігінде 5 градус жылыдан 3-8 градус аязға дейін күрт төмендейді.
04 қарашада Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 04 қарашада Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз 05 қарашада облыстың батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең 05 қарашада облыстың шығысында тұман күтіледі. Күндіз 04-түнде 05 қарашада ауа температурасының 6-11, облыстың солтүстігінде 2 градус жылыдан 3-8 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Күндіз 04 қарашада Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде 05 қарашада облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. 05 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз 04-түнде 05 қарашада ауа температурасының 6-11, облыстың оңтүстігінде 15, облыстың батысында 2 градус жылыдан 1-6 градус аяз, облыстың оңтүстігінде 5 градус жылыға дейін күрт төмендейді. 04 қарашада түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
04 қарашада түнде және таңертең Абай облысының шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Түнде 05 қарашада Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 05 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Күндіз 04-түнде 05 қарашада ауа температурасының 11-16, облыстың шығысында 8 градус жылыдан 1-6 градус жылы, облыстың батысында 3 градус аязға дейін күрт төмендейді.
04 қарашада күндіз Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
04 қарашада түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында таңертең және күндіз 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.
03 қарашада Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.
04 қарашада түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
04 қарашада түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауыспалы жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.