МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес

Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылдың 03-04 қарашада күтілетін дауылды ескертулер

Дауылды ескерту сақталады:

01-03 қарашада түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. 01-03 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс, оңтүстікке ауысады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с, 02 қарашада облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 02 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

03 қарашада түнде Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында күші 15-20, екпіні 23 м/с. Ауа температурасының 03 қарашада күндіз 1-6, облыстың оңтүстігінде 9 градус жылыға дейін күрт төмендейді, 04 қарашада түнде 1-6 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.

04 қарашада Атырау облысында ауа температурасының түнде 0-5 градус аязға дейін, күндіз 2-7 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

04 қарашада түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында қар, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасының түнде 1-6 градус аязға дейін, күндіз 2 градус аяз - 3 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Ақтөбе қ.: 04 қарашада ауа температурасының түнде 3-5 градус аязға, күндіз 0-2 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 

04 қарашада түнде Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Ауа температурасының түнде 2-7 градус аязға дейін, күндіз 3 градус аяз - 2 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

04 қарашада Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 04 қарашада ауа температурасының күндіз 2 градус аяз - 3 градус жылы, облыстың шығысында 8 градус жылыға дейін күрт төмендейді, 05 қарашада түнде 3-8 градус аязға дейін одан әрі төмендеуі күтіледі.

04 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.  Ауа температурасының түнде 0-5 градус аязға дейін, күндіз 2 градус аяз - 3 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Дауылды ескертулер күтіледі:

03 қарашада түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

03 қарашада түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.

03 қараша түнде Батыс Қазақстан облысында көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Орал қ.: 03 қараша түнде көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде екпіні 18 м/с.

03 қарашада Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қ.: 03 қарашада тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

03 қарашада Абай облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Семей қ.: 03 қарашада оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

03 қарашада Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

Өскемен қ.: 03 қарашада оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

03 қарашада күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе қ.: 03 қарашада күндіз жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

03 қарашада Атырау облысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с .

Атырау қ: 03 қарашада оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с..

03 қарашада түнде және таңертең Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды қ.: 03 қарашада оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

03 қарашада Ұлытау облысында оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

03 қарашада Қызылорда облысында жел оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

03 қарашада Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Астана қ.: 03 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23 м/с.

Көкшетау қ.: 03 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

03 қарашада түнде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Петропавл қ.: 03 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

03 қарашада түнде Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар қ.: 03 қарашада күндіз оңтүстіктен жел соғады екпіні 15-18 м/с күтіледі.

03 қарашада түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақытта 23-28 м/с.

Қостанай қ.: 03 қарашада оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

 

Дата публикации
03 ноября 2024
Дата обновления
03 ноября 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы