
Жер сілкінісі бойынша ақпарат
ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 2 қараша 10 сағат 55 минут 53 секундта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің координаттары : 41.721 с.е. 79.274 ш.б. Жер сілкінісі ошағы Қырғызстан және Қытай аумағында Алматы қаласынан 258 шақырым жерде орналасқан. Есептік қарқындылығы: Алматы облысында Нарынқол және Кеген ауылдарында 2 балл (таулы аймақ). Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 2024 жылдың 02-04 қарашада күтілетін дауылды ескертулер
Дауылды ескерту сақталады:
31 қазан-02 қарашада түнде Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.
01-03 қарашада түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. 01-03 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс, оңтүстікке ауысады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с, 02 қарашада облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 02 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
03 қарашада түнде Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында күші 15-20, екпіні 23 м/с. Ауа температурасының 03 қарашада күндіз 1-6, облыстың оңтүстігінде 9 градус жылыға дейін күрт төмендейді, 04 қарашада түнде 1-6 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.
04 қарашада Атырау облысында ауа температурасының түнде 0-5 градус аязға дейін, күндіз 2-7 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
04 қарашада түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында қар, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасының түнде 1-6 градус аязға дейін, күндіз 2 градус аяз - 3 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
Ақтөбе қ.: 04 қарашада ауа температурасының түнде 3-5 градус аязға, күндіз 0-2 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
04 қарашада түнде Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Ауа температурасының түнде 2-7 градус аязға дейін, күндіз 3 градус аяз - 2 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
04 қарашада Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 04 қарашада ауа температурасының күндіз 2 градус аяз - 3 градус жылы, облыстың шығысында 8 градус жылыға дейін күрт төмендейді, 05 қарашада түнде 3-8 градус аязға дейін одан әрі төмендеуі күтіледі.
04 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Ауа температурасының түнде 0-5 градус аязға дейін, күндіз 2 градус аяз - 3 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
02 қарашада Ақмола облысының басым бөлігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Астана қ.: 02 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Көкшетау қ.: 02 қарашада түнде жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
02 қарашада түнде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында екпіні 23-28 м/с.
Петропавл қ.: 02 қарашада түнде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
02 қарашада Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с.
02 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.
№ 01 ҚҚ дауылды ескерту
2024 жылғы 01 қарашадан
2024 ж. 01 қараша 20 сағ. 2024 ж. 02 қараша 20 сағ. аралығы
02 қараша Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с.
Орал қ.: 02 қараша жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
02 қарашада Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
02 қарашада түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды қ.: 02 қарашада көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.
02 қарашада түнде және таңертең Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
02 қарашада түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.
02 қарашада түнде және таңертең Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
02 қарашада Қызылорда облысында жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.
02 қарашада түнде және таңертең Маңғыстау облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі.
02 қарашада Атырау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18-23, облыстың солтүстігінде кей уақытта 28 м/с.
Атырау қ: 02 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с.
02 қарашада Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе қ.: 02 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
02 қарашада түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20 облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.
Қостанай қ.: 02 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.