МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК дауылды ескертулер 

30 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 30-31 қазанда түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 30-31 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. 

31 қазанда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 31 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. 

31 қазанда түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

31 қазанда түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (көбіне жаңбыр) күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 31 қазанда жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі. 

31 қазан-02 қарашада түнде Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. 

31 қазанда түнде және таңертең Алматы облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. 

31 қазанда түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м/с. Атырау қ: 31 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.                                                                                                                                   

31 қазанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Ақтау қ.: 31 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. 

31 қазанда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. 

31 қазанда Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың басым бөлігінде тұман күтіледі. Қостанай қ.: кешке 30, тәулік бойы 31 қазанда тұман күтіледі. 

31 қазанда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Астана қ.: 31 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Көкшетау қ.: 31 қазанда түнде тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

31 қазанда Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

31 қазанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 31 қазанда көктайғақ күтіледі. 

31 қазанда түнде және таңертең Ұлытау облысының батысында тұман күтіледі. Отүстік-батыстан жел соғады күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қ.: 31 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. 

31 қазанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде  көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, орталығында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с. 

31 қазанда күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с.

Дата публикации
29 октября 2024
Дата обновления
29 октября 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы