
Төтенше жағдайлар министрлігі «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына осы қосымша ақының атауын түсіндіруде әртүрлі оқылымдарды жою мақсатында Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлеріне қолда бар қосымша ақының атауын өзгертуге қатысты өзгерістер енгізуді пысықтауда.
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына өзгеріс енгізу қосымша қаржы қаражатын талап етпейді.