
«Қазгидромет» РМК
Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылдың 19-20 қазанда күтілетін апатты және қауіпті метеорологиялық құбылыстар туралы дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
17 қазанда Жамбыл облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. 17-18 қазанда түнде 1-6 градус үсік күтіледі.
17 қазанда Алматы облысында жауын-шашын, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, 16 қазанда кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. 18-19 қазанда түнде 1-6 градус үсік күтіледі.
17 қазанда Жетісу облысында жауын-шашын, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері маңайында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. 18-19 қазанда түнде 2-7 градус үсік күтіледі.
18 қазанда түнде Жетісу облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Талдықорған қ.: 18-19 қазанда түнде 2 градус үсік күтіледі.
Дауылды ескертулер күтіледі:
19 қазанда түнде Атырау облысының оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 17-22 м/с.
Атырау қ: 19 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
19 қазанда түнде Маңғыстау облысының орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.
19 қазанда күндіз Алматы облысының орталығында, шығысында шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.
Қонаев қ.: 19 қазанда шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 17-22 м/с.
19 қазанда Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
19 қазанда күндіз Қызылорда облысының батысында найзағай, дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, облыстың орталығында, батысында күші 15-20 м/с күтіледі.
19 қазанда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Орал қ.: 19 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
19 қазанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Петропавл қ.: 19 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
19-20 қазанда Жамбыл облысының батысында, шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 19-20 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
19 қазанда түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.
Талдықорған қ.: 19 қазанда түнде 5-7 градус үсік күтіледі.
19 қазанда түнде және таңертең Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
19 қазанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.