
«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес 2024 жылдың 18-19 қазанда күтілетін дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
17 қазанда Жамбыл облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. 17-18 қазанда түнде 1-6 градус үсік күтіледі.
17 қазанда Алматы облысында жауын-шашын, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, 16 қазанда кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. 18-19 қазанда түнде 1-6 градус үсік күтіледі.
17 қазанда Жетісу облысында жауын-шашын, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері маңайында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. 18-19 қазанда түнде 2-7 градус үсік күтіледі.
Дауылды ескертулер күтіледі:
18 қазанда күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.
Атырау қ: 18 қазанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с
18 қазанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, солтүстігінде, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтау қ.: 18 қазанда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі.
18 қазанда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Орал қ.: 18 қазанда күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
18 қазанда Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі.
18 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
18 қазанда Абай облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
18 қазанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстік-шығысында 15-18 м/с.
18 қазанда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
18 қазанда түнде және таңертең Ұлытау облысының орталығында, шығысында тұман күтіледі.
Жезқазған қ.: 18 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
18 қазанда түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, тау етегіндегі, таулы аудандарында тұман күтіледі.
Алматы қ.: 18 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
18 қазанда түнде Жетісу облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Талдықорған қ.: 18-19 қазанда түнде 2 градус үсік күтіледі.
18 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 18 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
18 қазанда түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус үсік.
18 қазанда Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың орталығында, солтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда қ.: 18 қазанда кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, екпіні 15 м/с күтіледі.