МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

 

«Қазгидромет» РМК

Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылдың 17-19 қазанда күтілетін апатты және қауіпті метеорологиялық құбылыстар туралы дауылды ескертулер

 

Дауылды ескертулер сақталады:

17 қазанда Жамбыл облысының  солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында                15-20 м/с. 17-18 қазанда түнде 1-6 градус үсік күтіледі.

17 қазанда Алматы облысында жауын-шашын, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні               15-20 м/с, 16 қазанда кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. 18-19 қазанда түнде 1-6 градус үсік күтіледі.

17 қазанда Жетісу облысында жауын-шашын, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері маңайында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. 18-19 қазанда түнде 2-7 градус үсік күтіледі.

Дауылды ескертулер күтіледі:

17 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде туман күтіледі.

Орал қ.: 17 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

17 қазанда түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырау қ: 17 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

17 қазанда күндіз Маңғыстау облысының батысында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 Ақтау қ.: 17 қазанда күндіз найзағай күтіледі.

17 қазанда түнде Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

17 қазанда түнде Қарағанды облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.

17 қазанда түнде Ұлытау облысының шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.

17 қазанда түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде,  тау етегіндегі, таулы аудандарында тұман күтіледі.

Алматы қ.: 17 қазанда түнде тұман күтіледі.

Қонаев қ.: 17 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Тараз қ.: 17 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

17 қазанда түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 3 градус үсік.

Шымкент қ.: 17 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде 1-3 градус үсік.

Түркестан қ.: 17 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде 1-3 градус үсік.

17 қазанда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Түнде 1-6 градус үсік сақталады.

Қызылорда қ.: 17 қазанда кей уақытта тұман күтіледі. Түнде 1-3 градус үсік сақталады.

 

 

Дата публикации
16 октября 2024
Дата обновления
16 октября 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы