
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Шымкент қ.: 15 қазан түнде ауа температурасы 4-6 градус жылыға, түнде және таңертең тұман күтіледі. 16 қазанда 1-3 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.
15 қазанда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында қар, көктайғақ, күндіз облыстың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар). 16 қазанда түнде облыстың шығысында қар, көктайғақ күтіледі. 15-16 қазанда облыстың шығысында, орталығында тұман күтіледі. 15-16 қазанда солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с. Ауа температурасы 15-16 қазанда одан әрі төмендеуі түнде 1-6 градус үсікке дейін күтіледі.
15 қазанда Түркістан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман. 16 қазанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с. Ауа температурасының 15 қазанда түнде 3-8 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі, 16 қазанда түнде 1-6 градус үсік, облыстың оңтүстігінде 2 градус жылы, күндіз 5-10, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус жылы күтіледі.
15 қазанда Маңғыстау облысында ауа температурасының түнде 0-5 градус жылы, облыстың солтүстігінде 3 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі, облыстың батысында 3 градус жылыға дейін күтіледі.
17 қазанда Жамбыл облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. 17-18 қазанда түнде 1-6 градус үсік күтіледі.
17 қазанда Алматы облысында жауын-шашын, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, 16 қазанда кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. 18-19 қазанда түнде 1-6 градус үсік күтіледі.
17 қазанда Жетісу облысында жауын-шашын, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері маңайында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. 18-19 қазанда түнде 2-7 градус үсік күтіледі.
15 қазанда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.
15 қазанда Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
15 қазанда түнде Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
15 қазанда түнде Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.
15 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында туман күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
15 қазанда түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
15 қазанда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
15 қазанда Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ, облыстың солтүстігінде жолдарда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
15 қазанда Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман.