
«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес 2024 жылдың 14-16 қазанда күтілетін дауылды ескертулер
13 қазанда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар). 14 қазанда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде көктайғақ. 15 қазанда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қар, көктайғақ, күндіз облыстың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар). 16 қазанда түнде облыстың шығысында қар, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең 14 қазанда оңтүстігінде, 15-16 қазанда облыстың шығысында, орталығында тұман күтіледі. 14 қазанда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, 15-16 қазанда солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с. Ауа температурасының 14 қазанда түнде 1-6 градус жылы, облыстың солтүстігінде 2 градус үсік, күндіз 2-7, облыстың оңтүстігінде 10 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі, 15-16 қазанда одан әрі төмендеуі түнде 1-6 градус үсікке дейін күтіледі.
15 қазанда Түркістан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман. 16 қазанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с. Ауа температурасының 15 қазанда түнде 3-8 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус үсік ке дейін күрт төмендеуі күтіледі, 16 қазанда түнде 1-6 градус үсік, облыстың оңтүстігінде 2 градус жылы, күндіз 5-10, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус жылы күтіледі.
Шымкент қ.: 15 қазан түнде ауа температурасы 4-6 градус жылыға, 16 қазанда 1-3 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.
Түркістан қ.: 15 қазан түнде ауа температурасы 4-6 градус жылыға, 16 қазанда 1-3 градус үсікке дейін күрт төмендеуі күтіледі.
14 қазанда Маңғыстау облысында ауа температурасының түнде 0-5 градус жылы, облыстың солтүстігінде 3 градус аязға дейін күрт төмендуі күтіледі, 15 қазанда одан әрі төмендеуі 0-5 градус аяз, облыстың батысында 3 градус жылыға дейін күтіледі.
14 қазанда Түркістан облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тауда тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Шымкент қ.: 14 қазанда кей уақыттарда найзағай күтіледі.
14 қазанда күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз облыстың таулы аудандарында 25 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 14 қазанда күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақытта найзағай күтіледі.
14 қазанда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с.
Қонаев қ.: 14 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с.
14 қазанда түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде қар күтіледі, облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с.
14 қазанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
14 қазанда Ұлытау облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, екпіні 15-20 м/с.
Жезқазған қ.: 14 қазанда түнде және таңертен тұман күтіледі.
14 қазанда Қарағанды облысының батысында, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде жолдарда көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды қ.: 14 қазанда жолдарда көктайғақ күтіледі.
14 қазанда Ақмола облысында жолдарда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Астана қ.: 14 қазанда жолдарда көктайғақ күтіледі.
14 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
14 қазанда Қостанай облысының оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
14 қазанда Ақтөбе облысының шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Облыстың солтүстігінде жоғары, батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе қ.: 14 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады.
14 қазанда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Орал қ.: 14 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады.
14 қазанда Атырау облысының батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
14 қазанда Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.