МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК

Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылдың 13 қазанда күтілетін ауа райының күрт өзгеруі, апатты және қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар туралы дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады

Гидрология департаменті

2024 жылдың 11-13 қазан аралығында қатты жаңбыр болжамына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

 Гидрометорталық

07-13 қазанда Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

07-13 қазанда Жетісу облысының солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Талдықорған қ.: 07-13 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады.

11 қазанда Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. 12 қазанда облыстың оңтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, 11 қазанда 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса, 12 қазанда облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с. Ауа температурасы 11 қазанда түнде                    0-5 градус аяз, күндіз 2 градус аяз-3 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі, 12 қазанда түнде      2-7 градус аяз, күндіз 0-5 градус аязға дейін әрі қарай төмендейді.

Қостанай қ: 11 қазанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы  түнде                    және күндіз 0-2 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі

11 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында  жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 12 қазанда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, 11 қазанда 15-20 м/с, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында 30 м/с және одан аса, 12 қазанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Ауа температурасы 11 қазанда түнде 0-5 градус аяз, күндіз 2 градус аяз-3 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі, 12 қазанда түнде 2-7 градус аяз, күндіз 0-5 градус аязға дейін әрі қарай төмендейді.

Петропавл қ: 11 қазанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей уақыттарда 30 м/с және одан аса. Ауа температурасы түнде және күндіз 1-3 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі және әрі қарай төмендейді.

11 қазанда Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 12 қазанда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, 11 қазанда күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында  30 м/с және одан аса күтіледі. Ауа температурасы 11 қазанда күндіз 5-10, облыстың солтүстігінде 2 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі, 12 қазанда түнде 2-7 градус аязға дейін, күндіз 0-5 градус аязға дейін әрі қарай төмендейді.

Астана қ: 11 қазанда жаңбыр, күннің соңында жаңбыр қарға ұласады. 12 қазанда қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 11 қазанда күндіз, 12 қазанда тәулігіне екпіні 17-22 м/с. 11 қазанда ауа температурасы күндіз 8-10 градус жылыға дейін күрт төмендеуді,                12 қазанда түнде 2-4 градус аязға, күндіз 0-2 градус аязға дейін әрі қарай төмендейді.

12 қазанда Павлодар облысында қар, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар, облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 11 қазанда облыстың батысында, солтүстігінде күші 15-20 м/с, 12 қазанда 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса. Ауа температурасы 11 қазанда күндіз 5-10 градус жылыға дейін күрт төмендейді, 12 қазанда түнде        2-7 градус аязға дейін, күндіз 0-5 градус аязға дейін әрі қарай төмендейді.

12 қазанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысынд 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылыға дейін, күндіз 2-7 градус жылыға дейін төмендейді.

12 қазанда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі,              13 қазанда түнде 2-7 градус аязға дейін, күндіз 0-5 градус аязға дейін одан әрі қарай төмендейді.

12 қазанда Абай облысында жаңбыр, облыстың оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, күннің соңында жаңбыр қарға ұласады, 13 қазанда облыстың солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 12 қазанда облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с, 13 қазанда облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы 12 қазанда күндіз 5-10 жылыға дейін күрт төмендейді,                 13 қазанда түнде 2-7 градус аязға дейін, күндіз 2 градус аяз - 3 градус жылыға дейін әрі қарай төмендейді.

13 қазанда Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, екпіні                 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 2-7 аязға дейін, күндіз 2 градус аяз-3 градус жылыға дейін күрт төмендеп, одан әрі қарай төмендейді.

11 қазанда күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), 12-13 қазанда облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде түнде қар, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, 11 қазанда күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, 12-13 қазан облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20,  екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасының 11 қазанда күндіз                        2-7, облыстың оңтүстігінде 13 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі, 12 қазанда түнде                      0-5 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылыға дейін төмендеп, одан әрі төмендеуі күтіледі.

12 қазанда Атырау облысында ауа температурасы түнде 2-7 градусқа дейін, күндіз                   8-13 градусқа дейін төмендеп, одан әрі төмендеуі күтіледі.

12 қазанда Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 1-6 градусқа дейін, күндіз 4-9 градусқа дейін төмендеп, одан әрі төмендеуі күтіледі.

13 қазанда күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с.

Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Шымкент қ.: 13 қазанда күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

13 қазанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

13 қазанда Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

13 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 13 қазанда жолдарда көктайғақ күтіледі.

13 қазанда Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Астана қ.: 13 қазанда түнде және таңертең жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Көкшетау қ.: 13 қазанда жолдарда көктайғақ күтіледі.

13 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

13 қазанда Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

 Облыстың солтүстігінде жоғары, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе қ.: 13 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

Жоғары өрт қауіпі сақталады.

13 қазанда Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында,  оңтүстігінде, солтүстігінде, орталықта төтенше өрт қауіпі сақталады.

Орал қ.: 13 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады.

13 қазанда Атырау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

13 қазанда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында бұрқасың күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қөқтайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды қ.: 13 қазанда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

13 қазанда Ұлытау облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Жезқазған қ.: 13 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

13 қазанда Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

13 қазанда түнде Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

13 қазанда Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ, түнде және таңертең облыстың орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.

Облыстың орталығында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

13 қазанда Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.  

Тараз қ.: 13 қазанда таңертең және күндіз найзағай күтіледі.

Дата публикации
12 октября 2024
Дата обновления
12 октября 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы