МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

 «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

 Астана қ: 11 қазанда жаңбыр, күннің соңында жаңбыр қарға ұласады. 12 қазанда қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 11 қазанда күндіз, 12 қазанда тәулігіне екпіні 17-22 м/с. 11 қазанда ауа температурасы күндіз 8-10 градус жылыға дейін күрт төмендеуді, 12 қазанда түнде 2-4 градус аязға, күндіз 0-2 градус аязға дейін әрі қарай төмендейді.

Шымкент қ.: 11 қазанда таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

07-13 қазанда Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

07-13 қазанда Жетісу облысының солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

11 қазанда Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. 12 қазанда облыстың оңтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, 11 қазанда 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса, 12 қазанда облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с. Ауа температурасы 11 қазанда түнде 0-5 градус аяз, күндіз 2 градус аяз-3 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі, 12 қазанда түнде      2-7 градус аяз, күндіз 0-5 градус аязға дейін әрі қарай төмендейді.

Қостанай қ: 11 қазанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы  түнде                    және күндіз 0-2 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі

11 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында  жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 12 қазанда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, 11 қазанда 15-20 м/с, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында 30 м/с және одан аса, 12 қазанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Ауа температурасы 11 қазанда түнде 0-5 градус аяз, күндіз 2 градус аяз-3 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі, 12 қазанда түнде 2-7 градус аяз, күндіз 0-5 градус аязға дейін әрі қарай төмендейді.

Петропавл қ: 11 қазанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей уақыттарда 30 м/с және одан аса. Ауа температурасы түнде және күндіз 1-3 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі және әрі қарай төмендейді.

11 қазанда Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 12 қазанда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, 11 қазанда күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында  30 м/с және одан аса күтіледі. Ауа температурасы 11 қазанда күндіз 5-10, облыстың солтүстігінде 2 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі, 12 қазанда түнде 2-7 градус аязға дейін, күндіз 0-5 градус аязға дейін әрі қарай төмендейді.

12 қазанда Павлодар облысында қар, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар, облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 11 қазанда облыстың батысында, солтүстігінде күші 15-20 м/с, 12 қазанда 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса. Ауа температурасы 11 қазанда күндіз 5-10 градус жылыға дейін күрт төмендейді, 12 қазанда түнде      2-7 градус аязға дейін, күндіз 0-5 градус аязға дейін әрі қарай төмендейді.

11 қазанда Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады облыстың  солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. 12 қазанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылыға дейін, күндіз 2-7 градус жылыға дейін төмендейді.

11 қазанда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың шығыс жартысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 12 қазанда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі, 13 қазанда түнде 2-7 градус аязға дейін, күндіз 0-5 градус аязға дейін одан әрі қарай төмендейді.

12 қазанда Абай облысында жаңбыр, облыстың оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, күннің соңында жаңбыр қарға ұласады, 13 қазанда облыстың солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 12 қазанда облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с, 13 қазанда облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы 12 қазанда күндіз 5-10 жылыға дейін күрт төмендейді, 13 қазанда түнде 2-7 градус аязға дейін, күндіз 2 градус аяз - 3 градус жылыға дейін әрі қарай төмендейді.

13 қазанда Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, екпіні          23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 2-7 аязға дейін, күндіз 2 градус аяз-3 градус жылыға дейін күрт төмендеп, одан әрі қарай төмендейді.

11 қазанда тәулік бойы, 12 қазанда түнде Жамбыл облысының  таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстік-батыстан соғатын жел 30 м/с және одан аса күтіледі.

11 қазанда күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), 12-13 қазанда облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде түнде қар, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, 11 қазанда күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, 12-13 қазан облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20,  екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасының 11 қазанда күндіз 2-7, облыстың оңтүстігінде 13 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі, 12 қазанда түнде 0-5 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылыға дейін төмендеп, одан әрі төмендеуі күтіледі.

11 қазанда түнде және таңертең  Атырау облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 12 қазанда Атырау облысында ауа температурасы түнде 2-7 градусқа дейін, күндіз 8-13 градусқа дейін төмендеп, одан әрі төмендеуі күтіледі.

11 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде туман күтіледі. Жел солтүстіктен солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың батысында,  оңтүстігінде, солтүстігінде, орталықта төтенше өрт қауіпі сақталады. 12 қазанда Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 1-6 градусқа дейін, күндіз 4-9 градусқа дейін төмендеп, одан әрі төмендеуі күтіледі.

11 қазанда тәулік бойы Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында, 12 қазанда түнде таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 11 қазанда тәулік бойы облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, 12 қазанда  облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 11-12 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың  оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.  11-12 қазанда облыстың солтүстік-батысында төтенше, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

11 қазанда таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда найзағай болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

11 қазанда Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында күші 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 25 м/с күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

11 қазанда түнде Алматы облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.

11 қазанда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.

11 қазанда Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, Уржар ауданында төтенше өрт қауіпі сақталады.

11 қазанда Шығыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.

11 қазанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

11 қазанда Қызылорда облысының шығысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.                                                                                              

11 қазанда Қостанай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

 

Дата публикации
10 октября 2024
Дата обновления
10 октября 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы