МЧС

Меню

Страницы

Статья

НҚА жобасын орналастыру туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау жүйесін дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының 17-тармағына сәйкес «Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 510 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығының жобасы әзірленді (бұдан әрі – Бұйрық жобасы).

Бұйрық жобасы бейбіт және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының халқы мен азаматтық қорғау күштерін қорғау үшін азаматтық қорғаныс мүлкін пайдалану жөніндегі нормаларға өзгерістерді көздейді.

Осы құжатқа сәйкес бейбіт уақытта азаматтық қорғаныс мүлкін пайдалану енді төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларында айқындалатын болады.

Бұдан басқа бұйрық жобасында редакциялық сипаттағы түзетулер көзделген.

Талқылау үшін бұйрықтың жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

Дата публикации
08 октября 2024
Дата обновления
08 октября 2024
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы