МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК

Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылдың 10-13 қазанда күтілетін ауа райының күрт өзгеруі және қауіпті метеорологиялық құбылыстар туралы дауылды ескертулер

 07-13 қазанда Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

07-13 қазанда Жетісу облысының солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Талдықорған қ.: 07-13 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады. 

11 қазанда Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. 12 қазанда облыстың оңтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, 11 қазанда 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса, 12 қазанда облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с. Ауа температурасы 11 қазанда түнде 0-5 градус аяз, күндіз 2 градус аяз-3 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі, 12 қазанда түнде 2-7 градус аяз, күндіз 0-5 градус аязға дейін әрі қарай төмендейді.

11 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында  жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 12 қазанда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, 11 қазанда 15-20 м/с, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында 30 м/с және одан аса, 12 қазанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Ауа температурасы 11 қазанда түнде 0-5 градус аяз, күндіз 2 градус аяз-3 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі, 12 қазанда түнде 2-7 градус аяз, күндіз 0-5 градус аязға дейін әрі қарай төмендейді.

11 қазанда Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 12 қазанда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, 11 қазанда күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында  30 м/с және одан аса күтіледі. Ауа температурасы 11 қазанда күндіз 5-10, облыстың солтүстігінде 2 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі, 12 қазанда түнде 2-7 градус аязға дейін, күндіз 0-5 градус аязға дейін әрі қарай төмендейді.

Астана қ: 11 қазанда жаңбыр, күннің соңында жаңбыр қарға ұласады. 12 қазанда қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 11 қазанда күндіз, 12 қазанда тәулігіне екпіні 17-22 м/с. 11 қазанда ауа температурасы күндіз 8-10 градус жылыға дейін күрт төмендеуді, 12 қазанда түнде 2-4 градус аязға, күндіз 0-2 градус аязға дейін әрі қарай төмендейді.

12 қазанда Павлодар облысында қар, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар, облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 11 қазанда облыстың батысында, солтүстігінде күші 15-20 м/с, 12 қазанда 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса. Ауа температурасы 11 қазанда күндіз 5-10 градус жылыға дейін күрт төмендейді, 12 қазанда түнде 2-7 градус аязға дейін, күндіз 0-5 градус аязға дейін әрі қарай төмендейді.

12 қазанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысынд 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылыға дейін, күндіз 2-7 градус жылыға дейін төмендейді.

12 қазанда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі, 13 қазанда түнде 2-7 градус аязға дейін, күндіз 0-5 градус аязға дейін одан әрі қарай төмендейді.

12 қазанда Абай облысында жаңбыр, облыстың оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, күннің соңында жаңбыр қарға ұласады, 13 қазанда облыстың солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 12 қазанда облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с, 13 қазанда облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы 12 қазанда күндіз 5-10 жылыға дейін күрт төмендейді, 13 қазанда түнде 2-7 градус аязға дейін, күндіз 2 градус аяз - 3 градус жылыға дейін әрі қарай төмендейді.

13 қазанда Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 2-7 аязға дейін, күндіз 2 градус аяз-3 градус жылыға дейін күрт төмендеп, одан әрі қарай төмендейді.                                                                                                                       

10 қазанда түнде Маңғыстау облысының орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 10 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі. 

10 қазанда күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, тау бөктерлі және шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкент қ.: 10 қазанда күннің соңында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Түркістан қ.: 10 қазанда күннің соңында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

10 қазанда күндіз Қызылорда облысының батысында, орталығында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20, облыстың орталығында екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 10 қазанда жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

10 қазанда күндіз Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың  оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. 10 қазанда облыстың солтүстік-батысында төтенше, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Тараз қ.: 10 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

10 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында туман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүсігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 10 қазанда найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

10 қазанда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 10 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

10 қазанда түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында тұман күтіледі. Облысың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары, басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 10 қазанда төтенше өрт қауіпі күтіледі.

10 қазанда Қостанай облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай қ: 10 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

10 қазанда күндіз Ақмола облысының солтүстік жартысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Астана қ.: 10 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады. Көкшетау қ.: 10 қазанда оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.                                                                             

10 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз  15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. 10 қазанда облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Петропавл қ.: 10 қазанда шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

10 қазанда Қарағанды облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 10 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады.

10 қазанда Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 10 қазанда оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

10 қазанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 10 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады. 

10 қазанда Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, Уржар ауданында төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қ.: 10 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады. 

10 қазанда күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жел шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 10 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады. Павлодар қ.: 10 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады.

10 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады) күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы күндіз 3-8 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі, әрі қарай төмендеуімен.

Петропавл қ: 10 қазанда жауын-шашын күтіледі (жаңбыр соңы қарға ұласады). Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы күндіз  3-5 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Дата публикации
08 октября 2024
Дата обновления
10 октября 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы