МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК дауылды ескертулер

06-08 қазанда Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 06-08 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады. 

07 қазанда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, тау етегіндегі аудандарында найзағай. Жел батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады облыстың оңтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с.
07-13 қазанда облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қонаев қ.: 07 қазанда жел батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, кей уақытта екпіні 18 м/с.

07 қазанда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, орталығында найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. 07-13 қазанда облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Талдықорған қ.: 07-13 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады. 

07 қазанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 07-09 қазанда түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. 08-09 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың  оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 07-09 қазанда облыстың оңтүстік-батысында төтенше, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Тараз қ.: 08 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

08-09 қазанда Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, тау бөктерлі және шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкент қ.: 08-09 қазанда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Түркістан қ.: 08-09 қазанда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.              

08 қазанда күндіз Маңғыстау облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақтау қ.: 08 қазанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі. 

08 қазанда күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 08 қазанда оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

08 қазанда Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 08 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады.

08 қазанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары, басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 08 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады. 

08 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.                                       

08 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі. 08 қазанда облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Петропавл қ.: 08 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

08 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Астана қ.: 08 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Жоғары өрт қауіпі күтіледі. Көкшетау қ.: 08 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.                                     

 08 қазанда түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

08 қазанда Ұлытау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 08 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады.

08 қазанда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 08 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

08 қазанда Шығыс Қазақстан облысында солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 08 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады. 

08 қазанда Абай облысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қ.: 08 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Дата публикации
07 октября 2024
Дата обновления
07 октября 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы