МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Шымкент қ.: 07 қазанда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

06-07 қазанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары, басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

06-08 қазанда Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

07 қазанда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, тау етегіндегі аудандарында найзағай. Жел батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады облыстың оңтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с. 07-13 қазанда облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

07 қазанда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, орталығында найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. 07-13 қазанда облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

07 қазанда Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

07 қазанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 07-09 қазанда түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. 08-09 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың  оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 07-09 қазанда облыстың оңтүстік-батысында төтенше, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

07 қазанда Ақмола облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

07 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

07 қазанда Павлодар облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

07 қазанда Қарағанды облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

07 қазанда Ұлытау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

07 қазанда күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

07 қазанда күндіз Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

07 қазанда Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

07 қазанда Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

07 қазанда күндіз Маңғыстау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.                                                                       

07 қазанда Қостанай облысының батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

 

 

Дата публикации
06 октября 2024
Дата обновления
06 октября 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы