
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Шымкент қ.: 03 қазанда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
01-06 қазанда Жетісу облысының солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
01-06 қазанда Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
02-03 қазанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, 04 қазанда күндіз таулы аудандарында найзағай күтіледі. 02-04 қазанда түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 02 қазанда облыстың таулы аудандарында, 03-04 қазанда облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 02-04 қазанда облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
03 қазанда таңертең және күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
03 қазанда түнде Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, оңтүстігінде күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай. Оңтүстік-батыстан жел соғады облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
03 қазанда Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
03 қазанда Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
03 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
03 қазанда күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
03 қазанда Қызылорда облысында жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
03 қазанда күндіз Батыс Қазақстан облысының шығысында жел шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
03 қазанда Атырау облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
03 қазанда Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары, басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
03 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
03 қазанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
03 қазанда Абай облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.