МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескетулер

«Қазгидромет» РМК дереетеріне сәйкес 2024 жылдың 02-06 қазанда күтілетін дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

01 қазанда Жетісу облысының оңтүстік-шығысынан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

01-06 қазанда облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Талдықорған қ.: 01-06 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады.

01-06 қазанда Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Дауылды ескертулер күтіледі:

02-03 қазанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, 04 қазанда күндіз таулы аудандарында найзағай күтіледі. 02-04 қазанда түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 02 қазанда облыстың таулы аудандарында, 03-04 қазанда облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.  

02-04 қазанда облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Тараз қ.: 02 қазанда таңертең және күндіз найзағай күтіледі.

02 қазанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау  асуларында күші 15-20 м/с.

Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Шымкент қ.: 02 қазанда түнде және таңертең найзағай күтіледі.

Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Түркістан қ.: 02 қазанда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

02 қазанда Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда қ.: 02 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады.

02 қазанда күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақтау қ.: 02 қазанда күндіз найзағай күтіледі. 

Төтенше өрт қауіпі сақталады.

02 қазанда Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау қ: 02 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады.

02 қазанда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Орал қ.: 02 қазанда төтенше өрт қауіпі күтіледі.

02 қазанда Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары, басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе қ.: 02 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жоғары өрт қауіпі сақталады.

02 қазанда Қостанай облысының солтүстік-шығысында жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

  02 қазанда күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 Астана қ.: 02 қазанда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

02 қазанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

02 қазанда күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жел солтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

02 қазанда Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.   

Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

02 қазанда Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.   

Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жезқазған қ.: 02 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады.

02 қазанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Өскемен қ.: 02 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады.

02 қазанда Абай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Семей қ.: 02 қазанда жоғары өрт қауіпі күтіледі.

 

Дата публикации
02 октября 2024
Дата обновления
02 октября 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы