МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК

Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылдың 01-06 қазанда күтілетін қауіпті метеорологиялық құбылыстар туралы дауылды ескертулер

 

Дауылды ескерту сақталады:

30 қыркүйек күндіз, 01 қазанда тәулік бойы Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 30 қыркүйекте екпіні                                    23-28 м/с күтіледі.  

30 қыркүйек-01 қазанда облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Дауылды ескертулер күтіледі:

01 қазанда Жетісу облысының оңтүстік-шығысынан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

01-06 қазанда облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Талдықорған қ.: 01-06 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады.

01-06 қазанда Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

№29 ҚҚ дауылды ескерту

2024 жылғы 30 қыркүйектен

2024 ж. 30 қыркүйек 20 сағ. 2024 ж. 01 қазан 20 сағ. аралығы

 01 қазанда түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с.

Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Шымкент қ.: 01 қазанда түннің бірінші жартысында найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Түркістан қ.: 01 қазанда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

01 қазанда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Орал қ.: 01 қазанда төтенше өрт қауіпі күтіледі.

01 қазанда Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

01 қазанда Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақтау қ.: 01 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады.

01 қазанда Абай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың орталығында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады,  облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

01 қазанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Өскемен қ.: 01 қазанда жоғары өрт қауіпі күтіледі.

01 қазанда Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда қ.: 01 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады.

01 қазанда Қарағанды облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

01 қазанда Ұлытау облысында басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жезқазған қ.: 01 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады.

01 қазанда Ақтөбе облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде екпіні 15 м/с күтіледі.

Облыстың басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе қ.: 01 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады.

 01 қазанда Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау қ: 01 қазанда төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

 

Дата публикации
01 октября 2024
Дата обновления
01 октября 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы