
«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес 2024 жылдың 28-30 қыркүйекте күтілетін дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
27-29 қыркүйекте Ақтөбе облысының басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе қ.: 27-29 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі сақталады.
27-30 қыркүйекте Жетісу облысының солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі, областың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
28-30 қыркүйекте түнде Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі.
28-30 қыркүйекте түнде Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, тау бөктеріндегі аудандарда 2 градус үсік күтіледі.
Алматы қ.: 28 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
28-30 қыркүйекте түнде Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында 3 градус үсік күтіледі.
Талдықорған қ.: 28-30 қыркүйекте түнде 3 градус үсік күтіледі.
28-29 қыркүйекте түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
28-29 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 28-29 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі. 28 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
28-29 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.
28 қыркүйекте Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.
Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Шымкент қ.: 28 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Түркістан қ.: 28 қыркүйекте кей уақыттарда шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
28 қыркүйек түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 2 градус үсік сақталады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Орал қ.: 28 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады.
Жоғары өрт қауіпі сақталады.
28 қыркүйекте Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Атырау қ: 28 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.
28 қыркүйекте Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қәуіпі күтіледі.
Ақтау қ.: 28 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.
28 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.
Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда қ.: 28 қыркүйекте күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қауіпі сақталады.
28 қыркүйекте түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
28 қыркүйекте Абай облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.
Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
28 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
28 қыркүйекте Қарағанды облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
28 қыркүйекте Ұлытау облысында басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жезқазған қ.: 28 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.
28 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.