МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК

Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылдың 27 қыркүйекте күтілетін ауа райының күрт өзгеруі және қауіпті метеорологиялық және гидрологиялық құбылыстар туралы дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

24 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, 25 қыркүйекте күндіз облыстың  батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 26 қыркүйекте түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қар күтіледі. 24-26 қыркүйекте облыстың солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман, 26 қыркүйекте көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында              15-20 м/с. 25 қыркүйекте түнде ауа температурасының 2-7 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

24-25 қыркүйекте Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында түнде қар, күндіз                             жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. 24 қыркүйекте түнде ауа температурасының 2-7 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Астана қ.: 24 қыркүйекте түнде ауа температурасының 2-4 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

26 қыркүйекте Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. 24 қыркүйекте түнде ауа температурасының 2-7 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

25-27 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, 26-27 қыркүйекте екпіні 23-28 м/с күтіледі.  25 қыркүйекте түнде ауа температурасының 2-7 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

24 қыркүйекте түнде Қостанай облысында, 25 қыркүйекте Қарағанды, Абай облыстарында ауа температурасының 2-7 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

26 қыркүйекте күндіз, 27 қыркүйекте түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ болуы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі.                              Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың                 оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.  

26-27 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Тараз қ.: 26 қыркүйекте таңертең және күндіз, 27 қыркүйекте түнде найзағай, бұршақ болуы ықтимал. 27 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі. 27 қыркүйекте                  солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

26-27 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.

2024 жылдың 26-27 қыркүйек аралығында қатты жаңбыр болжамына байланысты Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қ. маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

 Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

 27 қыркүйек түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 2 градус үсік сақталады.         

Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

  Орал қ.: 27 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады.

 Жоғары өрт қауіпі сақталады.

 27 қыркүйекте Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау қ: 27 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.

27 қыркүйекте Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қәуіпі күтіледі.

Ақтау қ.: 27 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.

27-29 қыркүйекте Ақтөбе облысының басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе қ.: 27-29 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі сақталады.

27 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

27 қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: 27 қыркүйекте оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні                 15-20 м/с күтіледі.

27 қыркүйекте Қарағанды облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

27 қыркүйекте Ұлытау облысында басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жезқазған қ.: 27 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.

27 қыркүйекте  Абай облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады,  облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

27 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

27 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда қ.: 27 қыркүйекте күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

Төтенше өрт қауіпі сақталады.

27 қыркүйекте түннің бірінші жартысында Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с.

Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Шымкент қ.: 27 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Түркістан қ.: 27 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

27 қыркүйекте түнде Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

27 қыркүйекте түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с.

27-30 қыркүйекте облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі, областың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

 

Дата публикации
26 сентября 2024
Дата обновления
26 сентября 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы