
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Алматы қ.: 25 қыркүйекте күннің соңында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.
Шымкент қ.: 25 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
25 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 26 қыркүйекте түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қар күтіледі. 25-26 қыркүйекте облыстың солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман, 26 қыркүйекте көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. 25 қыркүйекте түнде ауа температурасының 2-7 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
25 қыркүйекте Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
26 қыркүйекте Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
25-27 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, 26-27 қыркүйекте екпіні 23-28 м/с күтіледі. 25 қыркүйекте түнде ауа температурасының 2-7 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
25 қыркүйекте Қарағанды, Абай облыстарында ауа температурасының 2-7 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
25 қыркүйекте түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
25 қыркүйекте түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.
25 қыркүйек түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
25 қыркүйекте түнде Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
25 қыркүйекте Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
25 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
25 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с күтіледі.
25 қыркүйекте түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
25 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
25 қыркүйекте түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
25 қыркүйекте түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
25 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
25 қыркүйекте түнде Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
25 қыркүйекте күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
25 қыркүйекте күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
25 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
25 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының батысында, орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.