
«Қазгидромет» РМК Дауылды ескертулер
24 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, 25 қыркүйекте күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 26 қыркүйекте түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қар күтіледі. 24-26 қыркүйекте облыстың солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман, 26 қыркүйекте көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. 25 қыркүйекте түнде ауа температурасының 2-7 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
Астана қ.:24 қыркүйекте түнде ауа температурасының 2-4 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 24-25 қыркүйекте Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. 24 қыркүйекте түнде ауа температурасының 2-7 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
26 қыркүйекте Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. 24 қыркүйекте түнде ауа температурасының 2-7 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
25-27 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, 26-27 қыркүйекте екпіні 23-28 м/с күтіледі. 25 қыркүйекте түнде ауа температурасының 2-7 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
24 қыркүйекте түнде Қостанай облысында, 25 қыркүйекте Қарағанды, Абай облыстарында ауа температурасының 2-7 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
22 қыркүйекте күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с. 22-24 қыркүйекте облысының солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі, областың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Талдықорған қ.: 22-24 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.
22 қыркүйекте күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
22-23 қыркүйекте түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. 22-23 қыркүйекте күндіз облыстың таулы аудандарында найзағай күтіледі. 22-23 қыркүйекте солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың аулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 22-23 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Тараз қ.: 22-23 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шымкент қ.: 22 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. 22 қыркүйекте күндіз Түркістан облысында батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Түркістан қ.: 22 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
22 қыркүйекте Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 22 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.
22 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23 м/с күтіледі. Петропавл қ.: 22 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз күші 15-20 м/с. 22 қыркүйекте Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз батысында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
Астана қ.: 22 қыркүйектеоңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі. 22 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 22 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с күтіледі.
22 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: 22 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
22 қыркүйекте Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 22 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі сақталады.
22 қыркүйек Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 22 қыркүйекте жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
22 қыркүйекте Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 22 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.
22 қыркүйекте Маңғыстау облысы бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 22 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.
22 қыркүйекте Абай облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, орталығында 15-18 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
22 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
22 қыркүйекте Қарағанды облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
22 қыркүйекте Ұлытау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 22 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.