МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

 «Қазгидромет» РМК Дауылды ескертулер

 18 қыркүйекте түнде Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында 1-6 градус үсік күтіледі.

18-19 қыркүйекте түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. 18 қыркүйекте күндіз облыстың таулы аудандарында, 19 қыркүйекте күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 18-19 қыркүйекте солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 18-19 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Тараз қ.: 18-19 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады. 

18 қыркүйекте Жетісу облысының солтүстік-шығысында, батысында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, екпіні 15-20, түнде Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с. 18-21 қыркүйекте облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі, областың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Талдықорған қ.: 18-21 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады. 

18 қыркүйекте түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 18-23 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Шымкент қ.: 18 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. 18 қыркүйекте Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.  Түркістан қ.: 18 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

18 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының батысында, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында  күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 18 қыркүйекте күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

18 қыркүйекте Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 18 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады. 

18 қыркүйекте Атырау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Атырау қ: 18 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады. 

18 қыркүйек Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 18 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі сақталады.

18 қыркүйекте күндіз Ақтөбе облысының орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 18 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі сақталады.                                                                            

18 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

18 қыркүйекте түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Петропавл қ.: 18 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Астана қ.: 18 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. 18 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Көкшетау қ.: 18 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. 18 қыркүйекте түнде Павлодар облысының батысында тұман күтіледі.

18 қыркүйекте түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 18 қыркүйекте шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 

18 қыркүйекте Ұлытау облысында шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 18 қыркүйекте шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

18 қыркүйекте түнде және таңертен Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 18 қыркүйекте түнде 2-4 градус үсік күтіледі.

18 қыркүйекте түнде Абай облысының батысында, шығысында, орталығында 3 градус үсік сакталады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Дата публикации
17 сентября 2024
Дата обновления
17 сентября 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы