МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Астана қ.: 17 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Алматы қ.: 17 қыркүйекте кешке найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с.

Шымкент қ.: 17 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. 

14-17 қыркүйекте Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

117 қыркүйекте түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.  Облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.             

17 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

17 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.

17 қыркүйекте түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.      

17-18 қыркүйекте түнде Павлодар облысынын солтүстігінде,  шығысында 3 градус үсік күтіледі.

17 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертен тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 4 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

17 қыркүйекте Абай облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Түнде облыстың шығысында, орталығында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

17 қыркүйекте Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

17 қыркүйекте Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде 23 м/с. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

17 қыркүйекте Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с.

17 қыркүйекте күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23, кей уақыттарда 28 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

17 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

17 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының шығысында, батысында, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында, шығысында  күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, орталығында 25 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

17 қыркүйекте Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.

17 қыркүйекте Атырау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

17 қыркүйек Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

17 қыркүйекте түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

Дата публикации
16 сентября 2024
Дата обновления
16 сентября 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы