
«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес 2024 жылдың 16-17 қыркүйекте күтілетін дауылды ескертулер
Дауылды ескерту сақталады:
14-17 қыркүйекте Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі, областың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Талдықорған қ.: 14-17 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Дауылды ескертулер күтіледі:
16-17 қыркүйекте түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. 16 қыркүйекте күндіз облыстың таулы аудандарында, 17 қыркүйекте облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 16-17 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 17 қыркүйекте екпіні 23-28 м/с күтіледі.
16-17 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 17 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі.
16-17 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.
16 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Шымкент қ.: 16 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Түркістан қ.: 16 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
16 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда қ.: 16 қыркүйекте күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қауіпі сақталады.
16 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Орал қ.: 16 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі сақталады.
16 қыркүйекте Маңғыстау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.
Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтау қ.: 16 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.
16 қыркүйекте күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе қ.: 16 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15м/с күтіледі.
Жоғары өрт қауіпі сақталады.
16 қыркүйекте Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Атырау қ: 16 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.
16 қыркүйекте Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жезқазған қ.: 16 қыркүйекте cолтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Жоғары өрт қауіпі сақталады.
16 қыркүйекте Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды қ.: 16 қыркүйекте найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
16 қыркүйекте түнде және таңертен Абай облысының оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығыда 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында, орталығында 2 градус үсік күтіледі.
Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
16 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертен облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында, орталығында 2 градус үсік күтіледі.
Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
16 қыркүйекте, таңертең және күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
16 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.
16 қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
16 қыркүйекте күндіз Павлодар облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, батысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
16 қыркүйекте Алматы облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.