МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК дауылды ескертулер

12 қыркүйекте Ақтөбе облысында шығыстан жел соғады, күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 12-14 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі. Ақтөбе қ.: 12-14 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі күтіледі. 

Шымкент қ.: 14 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 14 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шөлді, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Түркістан қ.: 14 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

14 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында, шығысында  күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, орталығында, шығысында 25 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 14 қыркүйекте күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады. 

14-15 қыркүйекте түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, күндіз найзағай күтіледі. 14-15 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 14-15 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Тараз қ.: 14 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 14-15 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.

14 қыркүйекте Алматы облысының шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облысың батысында, солтүстігінде жоғары, облыстың орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

14-17 қыркүйекте Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі, областың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Талдықорған қ.: 14-17 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі күтіледі. 

14 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 14 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі сақталады.

14 қыркүйекте Атырау облысында шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 14 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады. 

14 қыркүйекте Маңғыстау облысында шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 14 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады. 

14 қыркүйекте түнде және таңертен Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

14 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертен облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

14 қыркүйекте Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 14 қыркүйекте cолтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

14 қыркүйекте түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.  Қарағанды қ.: 14 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.

14 қыркүйекте күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі.                                                                            

14 қыркүйекте, түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.                                                                            

14 қыркүйекте түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

14 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Дата публикации
13 сентября 2024
Дата обновления
13 сентября 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)
18 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 17 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы