
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Астана қ.: 13 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Шымкент қ.: 13 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
13-14 қыркүйекте Ақтөбе облысында шығыстан жел соғады, күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.
13 қыркүйекте түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, 13 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
13 қыркүйек күндіз Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 30 м/с және одан аса.
13 қыркүйекте Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қауіпі, областың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
13 қыркүйекте Алматы облысының батысында, солтүстігінде жоғары, облыстың ортылығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
13 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шөлді, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, күндіз тау асуларында екпіні 23-28 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
13 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, орталығында екпіні 25 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
13 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертен облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
13 қыркүйекте күндіз Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертен облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, таңертен және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
13 қыркүйекте түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
13 қыркүйекте Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
13 қыркүйекте түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
13 қыркүйекте таңертең және күндіз Ақмола облысының шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
13 қыркүйекте түнде Павлодар облысының оңтүстігінде топырақтын бетінде 2 градус үсік күтіледі.
13 қыркүйек Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
13 қыркүйекте Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
13 қыркүйекте Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.
13 қыркүйекте Ақтөбе облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
13 қыркүйекте Қостанай облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.