МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК Деректене сәйкес 2024 жылдың 12-14 қыркүйекте күтілетін дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер күтіледі:

12 қыркүйекте Ақтөбе облысында шығыстан жел соғады, күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

12-14 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Ақтөбе қ.: 12-14 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі күтіледі.

12-13 қыркүйекте түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, 13 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. 12-13 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.  

12-13 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Тараз қ.: 12-13 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

12-13 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі сақталады.

12 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

12 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Астана қ.: 12 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.

12 қыркүйекте түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

12 қыркүйекте Абай облысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Семей қ: 12 қыркүйекте жел солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

12 қыркүйекте Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жезқазған қ.: 12 қыркүйекте cолтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жоғары өрт қауіпі сақталады.

12 қыркүйекте түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды қ.: 12 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

12 қыркүйекте түнде Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қауіпі, областың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Талдықорған қ.: 12 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

12 қыркүйекте Алматы облысының батысында, солтүстігінде жоғары, облыстың ортылығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

12 қыркүйекте Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с.

Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Шымкент қ.: 12 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Түркістан қ.: 12 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

12 қыркүйекте Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

Басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда қ.: 12 қыркүйекте жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Төтенше өрт қауіпі сақталады.

12 қыркүйекте күндіз Маңғыстау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні  15-20 м/с күтіледі.

Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтау қ.: 12 қыркүйекте шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде                                       екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Төтенше өрт қауіпі сақталады.

12 қыркүйекте күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.           

Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау қ: 12 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.

12 қыркүйек Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Орал қ.: 12 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

 

Дата публикации
12 сентября 2024
Дата обновления
12 сентября 2024
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)
18 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 17 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы