
«Қазгидромет» РМК
Қазақстан Республикасы бойынша 2024 жылдың 07-08 қыркүйекте күтілетін қауіпті метеорологиялық құбылыстар туралы дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
06-08 қыркүйекте Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
07 қыркүйекте Алматы облысының оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, Алматы қаласының және облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.
Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Алматы қ.: 07 қыркүйекте кей уақыттарда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с.
Қонаев қ.: 07 қыркүйекте түнде және таңеретең найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 18-23 м/с.
07 қыркүйекте түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.
Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қауіпі, областың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
07 қыркүйекте түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. 07 қыркүйекте түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, күндіз облыстың таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі.
07 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 07 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.
07 қыркүйекте Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с.
Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Шымкент қ.: 07 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Түркістан қ.: 07 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
07 қыркүйек Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Орал қ.: 07 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі сақталады.
07 қыркүйекте Ақмола облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
07 қыркүйекте күндіз Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады
07 қыркүйекте Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Атырау қ: 07 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.
07 қыркүйекте Павлодар облысында батыстан жел соғады, солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
07 қыркүйекте Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Облыста төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтау қ.: 07 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.
07 қыркүйекте Қарағанды облысында батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды қ.: 07 қыркүйекте бұршақ күтіледі.
07 қыркүйекте Ұлытау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жезқазған қ.: 07 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі сақталады.
07 қыркүйекте түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. 07 қыркүйекте түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, күндіз облыстың таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі.
07 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 07 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.
07 қыркүйекте Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда қ.: 07 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.
07 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі.
07 қыркүйекте Абай облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Семей қ: 07 қыркүйекте жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
07 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.